KZNews.kz
Қоғам

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, бірнеше адам жарақат алды

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Солтүстік айналма жолында болған. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі жылдамдықты дұрыс таңдамаған немесе рөлге ие бола алмай қалған. Нәтижесінде көлік аялдамаға соғылып, сол сәтте қоғамдық көлікті күтіп тұрған адамдардың бірін қағып өткен.

Жол апаты салдарынан екі тұрғын түрлі жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Қазір полиция оқиғаның нақты себебін анықтап, жол-транспорт оқиғасына қатысты тергеу амалдарынжүргізіп жатыр. Сондай-ақ автобустың техникалық жағдайы мен жүргізушінің еңбек режимі тексерілуде.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары