KZNews.kz
Жаңалықтар

Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті

Ayzhan Sylanova
Фото: ҚазАқпарат

Бүгін, 23 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмды жерлеу рәсімі Алматы қаласындағы «Кеңсай-1» зиратында ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол қазақ киносы мен театрының тарихында өшпес із қалдырып, өнердің алтын қорына енген ондаған жарқын образды сомдады. Сондай-ақ бірнеше буын жас актердің кәсіби қалыптасуына зор үлес қосты.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары