KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыда әкімдік Барахолканың өтпелі жолдарында сауда жасап тұрғандарды қуып шықты (ВИДЕО)

Торғын Абушахман

Аудан әкімі осыған қатысты түсініктеме берді

Алматыда Жетісу ауданының әкімдігі Барахолканың өтпелі жолдарында сауда жасап тұрғандарды қуды, деп хабарлайды Kznews.kz

Аудан әкімінің мәліметінше, қазір Жетісу ауданында заңсыз саудаға қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатыр.

«Жетісу ауданы әкімінің аппараты аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, Солтүстік айналым тасжолы бойындағы рұқсат етілмеген сауданы жою бойынша ауқымды іс-шара жүргізуде. Мұндай сауда түрі санитарлық нормалар мен абаттандыру ережелерінің бұзылуы ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнетін елеулі қауіп.

Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тауарлар мен мүліктер ешқандай мәжбүрлеусіз, өз еркімен шығарылды. Жұмыс күн сайын жалғасуда.

Біздің мақсат – әр адам өзін жайлы сезінетін таза, қауіпсіз және жайлы қала құру!» - деп жазды Жетісу ауданының әкімі Ләззат Әуезханқызы.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →