KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматыда агрессивті жолаушы такси жүргізушісін боқтап, шапалақпен бір салды (ВИДЕО)

Торғын Абушахман

Оқиға кешкі уақытта Алматы қаласының Медеу ауданында болды

Алматыда такси жүргізушісі сапар барысында өзін ұрған агрессивті жолаушының іс-әрекеті түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көліктің артқы жағында отырған жолаушы темекі шеккен. Жүргізуші оған ескерту жасап, темекі шекпеуді өтінеді. Алайда, ер адам такси жүргізушісін боқтап, үйіне жеткізуді талап ете бастады.

Сол сияқты видеода жолаушының жүргізуші жігітті бетінен ұрғанын көруге болады. Жүргізуші жол жиегіне тоқтап, жолаушылардан көліктен шығуды талап етті.

Оқиға кешкі уақытта Алматы қаласының Медеу ауданында болған. Полиция ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта істің объективті мән-жайларын анықтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде», - деп жауап берді А

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →