ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда адам түрін танитын камералар жұмыс істей бастайды

Алматыда адам түрін танитын камералар жұмыс істей бастайды

Алматыда халық көп жүретін аумақтарда адам түрін танитын 1 000 камера орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы қаласын дамыту орталығының" басшысы Жанна Төлегеноваға сілтеме жасап.

Төлегенованың айтуынша, қалалық бюджеттен 8,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл жоба "Азаматтар көп жиналатын аумақтардағы видеобақылау жүйесі" деп аталады. Камераға түсірілген суреттерді Алматы қалалық полиция департаменті Жедел басқарма орталығының өкілдері көріп отырады. Камералар таяуда орнатыла бастайды екен.

"Қазақстандық, беларусь және жапон технологиялары арқылы адамдарды тани алатын бағдарламалық жасақтаманы енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, осы бағдарламалық жасақтамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр", - дейді Төлегенова.

"Алматы қаласын дамыту орталығы" басшысының айтуынша, осы камералар мен ондағы бағдарламаның көмегімен қандай да бір қылмысқа қатысы бар немесе іздеуде жүргендерді танып, олардың қайда екенін анықтауға болады.

Автор
Мадияр