Сыртқы сауда айналымы: шикізат пен мұнайға тәуелділік азайған жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Балаларын туысқандарына тастап, есірткі таратқан: Көкшетауда 22 жастағы келіншек ұсталды

Балаларын туысқандарына тастап, есірткі таратқан: Көкшетауда 22 жастағы келіншек ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, жас әйел кішкентай баласын туыстарының қарауына қалдырып, Көкшетауға жұмыс істеуге барған.

Павлодар қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткі заттарын таратты деген күдікпен Көкшетауда ұсталды. Полиция мәліметінше, ол заңсыз әрекетін басқа қалада жалғастыруды жоспарлаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, ол бұған дейін де Павлодарда есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырумен айналысуы мүмкін.

Алайда күдіктінің жоспары жүзеге аспай, полиция қызметкерлері оны Көкшетауда ұстаған. Тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 50 орама және белгісіз сұйықтық құйылған 30 құты табылған. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта 22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Табылған заттардың құрамы мен істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.