Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 20 жастағы бойжеткен 10-қабаттан құлап, аман қалды

Алматыда 20 жастағы бойжеткен 10-қабаттан құлап, аман қалды
Фото: leprogres.fr

Алматыда 10-қабаттан құлаған 20 жастағы бойжеткеннің жағдайы жақсарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға түнде тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен оқиға алдында жігітімен жанжалдасып, кейін балкон қоршауына шығып, секіретінін айтқан. Көп ұзамай ол төменге құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған бойжеткен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың жағдайында оң өзгерістер байқалады. Ол есін жиып, өздігінен тыныс ала бастады және жансақтау бөлімінен бейінді бөлімшеге ауыстырылған. Алдағы уақытта оған ота жасалып, оңалту емі жүргізіледі.

Полиция оқиғаның негізгі себептерінің бірі ретінде бойжеткен мен 25 жастағы жігітінің арасындағы жанжалды қарастырып жатыр. Алайда әзірге іс бойынша күдікті анықталмаған. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Ал жігіттің айтуынша, бұл жағдай өзі үшін де ауыр соққы болған. Ол бойжеткеннің бұған дейін де өзіне зиян келтіруге әрекет жасағанын жеткізген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.