Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ALMATY STUDENT’S WEEK 2025: студенттер мен жастар бастамаларына арналған апта

ALMATY STUDENT’S WEEK 2025: студенттер мен жастар бастамаларына арналған апта

Бүгін, 17 қарашада, Алматыда Халықаралық студенттер күні аталып өтіп жатыр. Мереке аясында қалада студенттердің белсенді өмірі мен жастар әлеуетін дамытуға арналған ALMATY STUDENT’S WEEK 2025 апталығы ұйымдастырылды.

11 қарашадан бастап Алматы қаласының әкімдігі жоғары оқу орындарымен бірлесіп жастардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік әлеуетін ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастырды. Апталықтың барлық бағдарламасы студенттердің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып, олардың бастамашылдығын және азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.

Қаладағы 35 жоғары оқу орнында 150-ден астам іс-шара өтіп, 40 мыңнан астам студентті қамтыды. Шығармашылық кештер, интеллектуалдық ойындар, спорттық және экологиялық акциялар, қайырымдылық бастамалары әр күннің өзіндік тақырыптық бағыты болды. Әсіресе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан адал азаматтан басталады» деген идеясын ілгерілетуге ерекше мән берілді.

«Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» акциялары аясында Taza Campus челленджі, StudSport олимпиада жүлдегерлерінің дәрістері, Jas IQ зияткерлік ойындары, кинокөрсетілімдер мен акустикалық кештер өтті. Сонымен бірге «Алматының үздік студенттік тобы» анықталып, байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңге болды. 

Бүгін апталық Jana Beles үлкен фестивалімен және қалалық Student Life КТК студенттік ойындарының финалдық кезеңімен аяқталады.

Айта кетейік, шаһардағы 35 жоғары оқу орнында 210 мыңнан астам студент білім алып жүр. Алматы елдегі ең ірі білім беру орталығы, жас буынды жаңа белеске ынталандыратын білім қаласы.



Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.