KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды - Тосын жай

KZNEWS

Алматы облысында 15 автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алдын ала болжамға сәйкес, жол-көлік оқиғасы Алматы - Өскемен тасжолының (Алматы - Қапшағай) 20-шақырымында болған. Солтүстік бағытта жол апаты болу себебінен, кептеліс орнады. 

"Оқиға орнында полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары