Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы қаласының полициясы inDrive компаниясынан жедел әрекет ету алгоритмін ұсынуды талап етті

Алматы қаласының полициясы inDrive компаниясынан жедел әрекет ету алгоритмін ұсынуды талап етті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қалалық Полиция департаменті автобус парктері, таксопарктер және такси агрегаторлары басшыларымен арнайы жиын өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету дейді Kznews.kz тілшісі.

Қауіпті статистика:
Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда жол апаттарынан 190 бала қаза тауып, 7 508 бала түрлі жарақат алған. Алматының өзінде 2 бала көз жұмып, 1 202 бала жараланған.

«Статистика үшін бұл – жай сандар. Бірақ әр отбасы үшін – орны толмас қасірет», – деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.

Көліктерге – қатаң тексеріс:
Полиция барлық тасымалдаушы компанияларға көлік құралдарының техникалық жағдайын шұғыл тексеруді тапсырды. Әсіресе тежегіш жүйесі, жарық шамдары, қауіпсіздік белдіктері мен балаларға арналған ұстап тұратын құрылғыларға ерекше мән берілуі тиіс.

1 қыркүйектен бастап мектептердің маңында рейдтік іс-шаралар басталып, құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.

inDrive қызметіне сын:
Жиын барысында такси агрегаторы inDrive компаниясы да сынға ілікті. Полковник Құлбаевтың айтуынша, компания жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті базалық тетіктерді ұсынбай отыр.

«Бүгінгі таңда inDrive өз жүргізушілері мен көліктерін бақыламайды. Қауіпсіздік белдіктері, жедел көмек батырмасы, бағытты қадағалау жүйесі жоқ. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай», – деді Құлбаев.

Оның айтуынша, егер нақты шаралар қабылданбаса, заңнамалық деңгейде қатаң жауапкершілікке тарту мәселесі көтеріледі.

Жазбаша есеп тапсыру міндеттелді:
Жиын қорытындысы бойынша барлық тасымалдаушы компаниялар мен агрегаторларға жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар жөнінде жазбаша есеп тапсыру талабы қойылды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.