"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысының тұрғыны: Коронавирус жұқтырған жүкті келіншек сұхбат берді - Қазақстан жаңалықтары

Алматы облысының тұрғыны: Коронавирус жұқтырған жүкті келіншек сұхбат берді - Қазақстан жаңалықтары

Алматы облысының тұрғыны Тоғжан Айтбай сұхбат беріп, қазіргі жағдайын баяндап берді. Айтуынша, ол АҚШ елінен оралған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тоғжанның айтуынша, ол АҚШ-тан Мәскеуге, одан Алматыға 25 наурызда ұшып келіпті. Келген бойда міндетті сынама тапсырған. Індеттің белгісі екінші рет сынама тапсырғанда анықталған.

"Менде жөтел де, аурудың басқа белгілері де байқалған жоқ. Тамағым да ауырған жоқ. Бірақ нәтиже оң болып шықты. Бастапқыда қатты уайымдадым. Қазір жағдайым жақсы", - деді ол.

Жүкті келіншек қазір Қаскелең қаласындағы ауруханада. Жүктіліктің төртінші апталығында. Тек иммунды көтеретін дәрі қабылдауда. Өзінің де, баласының да денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Алайда карантинде жатқандықтан гинеколог дәрігердің қарауында бола алмайды екен. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан