“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысының әкімі өзі туралы ZTB-дағы мақтаулы постқа 1,3 млн теңге төлеген

Алматы облысының әкімі өзі туралы ZTB-дағы мақтаулы постқа 1,3 млн теңге төлеген
2020 жылы Instagram-да танымал ZTB-ның екі парақшасында жарияланған хабарламалар үшін Алматы облысының бюджетінен 1,3 миллион теңге аударылған. Бұл туралы PROTENGE телеграм каналы жазды. "Біз салық төлеушілердің қалтасынан шыққан ақшаны не үшін төлегенін тексеруді жөн көрдік" дейді канал авторы. "Әлгі жазбаны таптық. Онда облыс әкімі Баталовтың бастамасымен бұрынғы және қазіргі президенттердің тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны, сондай-ақ әкім мен президентке алғыс жаудырған бақытты қазақстандықтардың пікірін оқуға болады." "ZTB_video-ға мән берсек, әкімдіктің қолдауымен қазан айында 20 медицина қызметкерлері сарқырамаға барған. Алматы облысының әкімдігі блогерлерді ыстық суға апарып, жайлы қонақүйге жайғастырған. Ал дәрігерлерге сарқыраманы тамашалатқан. Ақ халаттылардың бірнеше ай бойы індетпен күрескенін жоғары бағалаған әкімдік, оларды тауға апарса, ал блогерлерді қауызға қарай шығатын шипажайға орналастырған" дейді телеграм каналдағы жазба.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Автор
Нұрсұлтан