KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматы облысының әкімдігі бес автокөлік сатып алуға 50,5 млн теңге жұмсамақ

KZNEWS

Алматы облысының әкімдігі бес автокөлік сатып алуға шамамен 50,5 млн. теңге ақша жұмсамақшы, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Тапсырыс беруші - «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы - автомобиль; қосымша сипаттама - жеңіл автомобиль, В класы, автоматты беріліс қорабы, көлемі 2000 cc дейін; бірлік бағасы - 10,09 млн теңге; саны - бес; жоспарланған сома - 50,45», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын-ала қабылдау 17 маусымда 17.17-де басталып, 3 шілдеде сағат 9.00-де аяқталады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары