«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында сырғанақ тепкен ер адам мерт болды

Алматы облысында сырғанақ тепкен ер адам мерт болды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ер адам тіл тартпай кетті. Ал полиция төтенше жағдайды тергеуді бастады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 қаңтар — Sputnik. Отыз жастағы Талдықорған тұрғыны Текелі маңындағы тау-шаңғы базасында сырғанақ теуіп жүріп, ауыр жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, қаза тапты. Полиция аталған факт бойынша қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Жұма, 24 қаңтар күні Текелі маңындағы шаңғы базасында біздің ағамыз қаза болды. Ол баллоннан ұшып кетті. Оның омыртқасы үш жерден сынып, ауруханаға жетпей жан тапсырды", - делінген желіде.

Алматы облысының полициясы аталған фактіні растап, ол бойынша қылмыстық тергеу басталғанын атап өтті.

"Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-тармағына (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыстар жүргізу немесе қызметтер көрсету) сәйкес қажетті сараптамалар бекітіліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында адам өлімінің барлық мән-жайы анықталады", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Аталған бап бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан