Астана, BAQ.KZ. Желтоқсан айының соңында Алматы облысындағы өзендер мен Сырдария өзені арнасынан асуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
29-30 желтоқсан аралығында Алматы облысының өзендері мен Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының құбылмалығына байланысты өзен арналары ысылу себебінен су деңгейлерінің көтеріліп арналарына шығуы мүмкін.