Шоу-бизнес

Алматы облысында отбасылық мемлекеттік қызметкерлер "бандасы" анықталды

KZNEWS KZNEWS
Алматы облысында отбасылық мемлекеттік қызметкерлер "бандасы" анықталды

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер отбасысы анықталды.

Сабырбаевтер отбасының үш мүшесі Алматы облысында мемлекеттік қызметте отыр.

Отбасы басшысы Сабырбаев Амандос – Ақсу ауданы әкімінің орынбасары және атқарушы мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі уәкілі. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Отбасы жайлы ақпаратты табу қиындық тудырмайды. Әркімнің әкімдік сайтында өзіндік «парақшасы» бар.

Жұбайы-Сабырбаева Сәуле. Алматы облысы Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

Шенеуніктердің ұлы – Сабырбаев Санжар, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және басқа да бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстар, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайтыны ғана емес, сонымен бірге жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тікелей бағыныста бола алмайтындығы көрсетілген.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz