Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз қайтыс болды

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз қайтыс болды

4 сәуірде Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз қайтыс болды.

Оқиға наурыз айының басында Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында кешкі сағат 18.00 шамасында орын алған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мас көлік жүргізушісі мектептен қайтқан оқушыларды қағып кеткен. Қатты соққының салдарынан қыздар жан-жаққа ұшып кеткен. Ал көлік әрі қарай  бірнеше метр жерде тұрған жол белгісіне барып бір-ақ тоқтаған.

Екі оқушы бірден Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

14 наурызда тоғыз жасар науқастың жүрегі тоқтағаны белгілі болды.

Алматы облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 4 сәуірде сағат 21:00-де зардап шеккен екінші қыз қаза болғанын хабарлады. Марқұм 8 жаста еді.

Айта кетейік, 54 жастағы жүргізуші қамауға алынды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл жағдайды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алатынын мәлімдеді.

Автор
Еркебұлан