Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында көлік жүргізуші бес оқушыны қағып кетті

Алматы облысында көлік жүргізуші бес оқушыны қағып кетті

Алматы облысында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"25 қазанда сағат 19:50 шамасында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлайды Алматы облысы полиция қызметкерлері.

Апат салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.

Қазір іс бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Автор
Нұрсұлтан