Израиль Президентінің сапары Қазақстанға қандай пайда алып келеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында ер адам туған әкесін ұрып өлтірген

Алматы облысында ер адам туған әкесін ұрып өлтірген
Фото: ашық деркккөзден

Алматы облысында өз әкесін өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Соттың мәліметінде, 2024 жылдың 10 қазанында Райымбек ауданының Қайнар ауылында сотталушы мен әкесінің арасында жеке кикілжіңге байланысты жанжал шыққан. 

Жанжал кезінде мас күйде болған сотталушы әкесінің басы мен дене тұсына қолымен және аяғымен бірнеше рет соққы жасаған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің өліміне кеуде қуысының жабық доғал жарақаты себеп болған. Бұл жарақат бірнеше қабырғаның сынуымен және өкпенің зақымдануымен қатар, травматикалық шокқа әкелген. Сарапшылардың анықтауынша, дене жарақаттары кемінде 15 рет соққы жасаудан келтірілген және өмірге қауіпті ауыр дәрежедегі зиян ретінде бағаланған.

Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда сотқа дейінгі тергеу кезінде берген алғашқы айғақтары, сондай-ақ зерттелген дәлелдемелердің жиынтығы күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін растады.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

“Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, бұрын сотталмағанын, сондай-ақ жәбірленуші тараптың кешірім бергенін және азаматтық талап қоймағанын ескерді. Қылмысты алкогольдік масаң күйде жасауы жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылды”, – делінген сот хабарламасында. 

Сонымен қатар сотталушыдан сот сараптамаларын жүргізуге байланысты іс жүргізу шығындары және жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына міндетті төлем өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.