Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Халық жауысың” - Өз әкесін сабап өлтірген азаматқа желі оқырмандары наразылықтарын білдіруде

“Халық жауысың” - Өз әкесін сабап өлтірген азаматқа желі оқырмандары наразылықтарын білдіруде

Әсіресе, өзінің әнші әрі асаба екенін жазған Алмас Садақбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі теріс пікірлер қалдырған. Олардың арасында өнер жұлдыздары да бар.

"Сен нағыз халық жауысың!", "Сен де қартаятыныңды ұмытпа!", "Құдайдың алдында осы ісің үшін жауап бересің!", "Сені бүкіл ел ауылдан көшіріп жіберу керек" деген толассыз пікірлер жазылуда.

Шардаралық блогер Ырысбала Икрамбай да бұл жайтқа өз ойын білдірді.

"Шардарадан екен осы атаға көмектесіңізші деп таңертеңнен бері жазғандар өте көп екен. Менің қолымнан ештеңе келмейді, халқым. Ата өмірден өткен. Жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі атаны ұрып жатқан иә, өз ұлы. Шардарада тойларды жүргізіп жүрген асаба...", - деді ол. 

Тіпті желі оқырмандары Шардара әкімдігінің ресми парақшасын, Руслан Өтепбай, Дина Төлепберген сынды атақты журналистерді белгілеп, бір шара қолдануды сұрап жатыр.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары іс бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, қылмыстық баптар бойынша тергеу жұмыстары басталған. Әлеуметтік желідегі видеожазбалар мен жарияланған ақпарат сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтірмеу үшін ресми деректер ретінде қаралуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.