"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында бір топ шенеунік карантинде той өткізген ресторан иелерінен пара алып келген

Алматы облысында бір топ шенеунік карантинде той өткізген ресторан иелерінен пара алып келген

Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне қарасты мониторингтік топ мүшелері карантин уақытында той жасаған ресторан иелерінен жүйелі түрде пара алып келген. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері аталған топтың жолын кесті.

«Осы бөлімнің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, «Covid-19» коронавирустық инфекциямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған», - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған пара сомасын берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Автор
Айбар