«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында атом электр станциясы салынуы мүмкін - Қазақстан жаңалықтары

Алматы облысында атом электр станциясы салынуы мүмкін - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен аулында салынуы мүмкін. Ауыл Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Вице-министрдің сөзінше, атом электр станциясын салу туралы нақты шешім әзірге қабылданбаған. Алайда станция салынатын аумақ белгіленіпті.

«Біз бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Алайда атом электр станциясын салу туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Алматы облысындағы Үлкен аулынан аумақ белгіленді», - дейді Мырзағалиев. 

Сонымен қатар ол Қазақстан үшін барынша сай келетін технологияны таңдау керектігін атап өтті.

Үлкен аулы Балқаш көлінің маңында орналасқан.

Айта кетсек, Қазақтан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуше барған еді. Путин Тоқаевпен жүргізген келіссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады. Ресей президентінің сөзінше, Мәскеу Нұр-Сұлтанға атом электр станциясын салу туралы ұсыныс тастаған.
 


stan.kz
Автор
Бауыржан