Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында әскерден келген сарбазды аспанға оқ атып күтіп алған

Алматы облысында әскерден келген сарбазды аспанға оқ атып күтіп алған

Алматы облысында әскерден оралған сарбазды аспанға оқ жаудырып қарсы алған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.


Кадрларда ауылдардың бірінде сарбаздарды туыстары күтіп алғаны көрінеді. Бір мезгілде бірнеше адам қарумен оқ атқан.

Алматы облысының Полиция департаменті бұл оқиға Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылында болғанын хабарлады.

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданы, Көксай ауылында оқ атып, бұзақылық жасау дерегі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі ер адамды анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді», - деп хабарлады полицейлер.

Оқ атылған қару тиісті сараптамаға жіберілді.
"Полицейлер атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп толықтырды полиция.


Автор
Нұрсұлтан