Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында апатты көпірді су шайып кетті

Алматы облысында апатты көпірді су шайып кетті
Фото: baq.kz

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында көпірді су шайып кетті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға орай Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі жедел түсіндірме берді. Көпірді су шайып кеткені рас екен. Алайда, бұл нысанның жағдайы бұған дейін де мамандар тарапынан бағаланып, апатты деп танылған болатын.

Өткен күндері болған нөсер жауын салдарынан сел жүріп, көпірдің конструкциясы қосымша зақымданған. Дегенмен, аталған көпірдің техникалық жағдайы бұған дейін-ақ күрделі болған. Сондықтан оны қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті конкурс өткізіліп қойған-ды.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталып, қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, көпірді қайта жаңғырту жұмыстары биыл басталады.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.