Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы маңында күре жолда ондаған көлік соқтығысты

Алматы маңында күре жолда ондаған көлік соқтығысты

Алматы облысында отыз шақты көлік соқтығысып, салдарынан бес адам жараланып ауруханаға түсті. Бұл туралы 10 қаңтарда Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, ондаған көлік Алматыдан шамамен 20 шақырымда, Алматы - Қапшағай күре жолында соқтығысқан.

"Оқиға орнында жол-патруль қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Бес адам жараланған, барлығы Іле аудандық ауруханасына жатқызылды" делінген департамент таратқан ақпаратта.

Көліктер соқтығысынан және ауа-райы қолайсыз болғандықтан жолда көлік кептілісі пайда болған.

10 қаңтарда таңертең Алматы мен қала маңында қалың тұман түсіп, жол көктайғаққа айналған. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, тұманнан Алматы әуежайында бірнеше рейс бөгелген.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Арман