ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы көшелерінде шар сатқан кішкентай қыздың видеосы желіде тарады

Алматы көшелерінде шар сатқан кішкентай қыздың видеосы желіде тарады

Әлеуметтік желіде көшеде шар сатқан кішкентай қыздың видеосы тараған. Жазба туралы пікір білдірген Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шар сатып жүрген қыз баланың видеосы Instagram парақшалардың бірінде жарияланды.

«10 жастағы қыз бала қыс бойы суық күнде далада тұрды. Шар сатады. Сағат түнгі 22:00 болып қалды. Өтінемін, шара қолданыңыздар. Қыздың түрінен жаурағаны көрініп тұр. Бала мұндай уақытта суықта тұрмауы керек», - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Жазбаға назар аударған қалалық полиция өкілдері қыздың ата-анасы мен мекенжайын анықтаған.
«Анасы 1975 жылы туған азамат И. тексеру кезінде Сейфуллин көшесінде, Мақатаев көшесінен төменде болды. 11 ақпанда көшеде кәмелетке толмаған баланың жүргені жөніндегі мәселені Алатау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қарайды», - деді Әбдірахманов.

 
Автор
Еркебұлан