"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы автобустары терминалдарды әдейі өшіріп келген

Алматы автобустары терминалдарды әдейі өшіріп келген

Жүргізушілер терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша алып отырған.

Соңғы кездері Алматыда жолақысы электронды түрде төленетін терминалдарды өшіріп тастау оқиғалары жиі кездесуде, соның салдарынан қала тұрғындарынан көп шағым түсуде. Бұл туралы Baq.kz Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

"АвтоТрансГаз" ЖШС қызмет көрсететін №16 бағыттағы автобустарда жолақысы электронды түрде төленетін терминалдарды өшіріп тастау оқиғалары жиі кездесе бастаған.

"Көлік холдингі" қызметкерлері жүргізген тексеру барысында аталған бағыт жүргізушілері терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша алып отырған, ал "ОҢАЙ" сервис орталығына терминалдардың бұзылғандығы жөнінде ешқандай арыз түспеген", - делінген хабарламада.

Аталған келеңсіз жағдайға байланысты "АвтоТрансГаз" ЖШС-нің басшысы Бауыржан Кулишевке ескерту жасалған, егер тәртіп бұзушылық тағы да қайталанатын болса – Алматы қаласының Мобилділік басқармасы бағыт бойынша қызмет көрсету келісімін бұзуға дейін тиісті шара қолданбақ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Мадияр