Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы әуежайында ер адам өзін бауыздап тастамақ болды

Алматы әуежайында ер адам өзін бауыздап тастамақ болды

Алматы әуежайында ер адам өзін бауыздап тастамақ болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі рейстер терминалында бір жолаушы дәретханада өзіне қол салмақ болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қанға боялған дәретхананы және жерде жатқан шыны бөтелке сынығын көруге болады. 

"Оқиғаны әуежай қызметкерлері дер кезінде байқап, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір ер адамның өміріне қауіп жоқ, жолаушы дәрігерлердің бақылауында", – делінген хабарламада. 

Полиция өзіне қол жұмсауға талпыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы – Астана бағытындағы рейстің жолаушысы әуежайға ертерек келіп, тіркеуден және тексеруден өткен. Содан кейін ол ұшаққа отырғызуды күтіп отырған. Алайда белгісіз себептермен ол ұшаққа мінбей, шамамен төрт сағат бойы күту залында отырған. Кейінірек ер адам дәретханаға кіріп, өзіне қол салуға ұмтылған.

Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберген еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.