Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына барды

Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына барды

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/1241/05/12410536.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20191229/12414561/Almaty-akim-kaza.html

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев көз жұмғандардың жанұяларына көңіл айтты, деп хабарлады әкімдік өкілі

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан - Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына барды, деп хабарлады қала басшысының баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

"Ұшақ апатынан қаза болған алматылықтар – Қайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов, Веларий Ануфриевтің үйлерінде жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр", - деп жазды Instagram парағында Әсет Мұқажанов.

Бұған қоса, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көз жұмғандардың жанұяларына көңіл айтты.

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.

Тағы оқыңыз: Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты

Сондай-ақ, бүгін Алматыда апатта мерт болған генерал Рүстем Қайдаровты ақтық сапарғы шығарып салу рәсімі өтеді.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан