KZNEWS.KZ
Аймақ

Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

• Асқар Алтайұлы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Құрылтай сайлауында дауыс берді. Қала басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде таңдау жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Дархан Сатыбалды Instagram парақшасында еліміздің саяси тарихында мүлде жаңа кезең басталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үндеуінде атап өткендей, болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Қазақстанның жарқын келешегі әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығынан басталады», – деді ол.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →