Ол ғашығы Жанеркені ерекше ұнататынын тікелей эфирде айтқан-ды. Алайда бойжеткен оған «жоқ» деп бетін қайтарып, достан артық көре алмайтынын айтты. Артынша арада сезім оты тұтанып, екеуі жұп болады. Тіпті, ару жігітінің студияға келген анасына шай құйып берді. Барлығы шай ішіп болған соң, Олжас Ходжа анасына үлкен гүл шоғын сыйлап, аяғын сүйді. Көпшілік оның бұл әрекетіне ерекше сүйсінгенін жазып жатыр. «Әй, жарайсың! Қазақтың жігіттері осындай болуы керек», «Осы баладан үлгі алыңыздар», «Алла разы болсын», «Олжастың әрекетіне ерекше сүйсініп отырмын» деп жазды желідегілер.Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алла разы болсын: Қазақ баласы тікелей эфирде анасының аяғын сүйді (видео)