Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін мәйіттері шаруашылық құрылысынан табылған ерлі-зайыптылар ақтық сапарға аттандырылды. Бұл туралы Arasha.kz хабарлады.
Марқұмдармен қоштасуға туған-туыстары, көршілері мен ауыл тұрғындары жиналып, соңғы құрмет көрсетті.
Жерлеу рәсімі таңғы уақытта ауыл зиратында өтті. Қаралы сәтте жиналған жұрт қайғыға батып, көз жасына ерік берді.
Ауыл әкімдігінің мәліметінше, жерлеу шараларын ұйымдастыруды марқұмдардың жақындары өз міндетіне алған.