"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алла Пугачева інісінің Семей өңірінде қызметте болғанын айтты

Алла Пугачева інісінің Семей өңірінде қызметте болғанын айтты

Ресейдің халық әртісі Алла Пугачева Екатерина Гордееваға берген сұхбатында еліміздің Семей өңірін де әңгімеге қосты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің бауыры Семейде әскери қызметке болған көрінеді. 

“Інімнің мінезі қиындау еді. Оның үстіне ҰҚҚ-ның қызметкері болды. Өлі балалар дүниеге келген Семейдегі Қытай шекарасында (полигонды айтып отыр – ред.) қызметте болды. Бірақ қандай ді бір себеппен Ауғанстанға соғысқа аттанады. Жарылыс басталғанда олар қол ұстасып, жасырынған. Менің інімнің қасындағы солдаты жараланып, бір ғана қолмен қалған. Қазір соғысып жүрген адамдардың жарақатын елестетіңіз”, – деп сөзін бастады әнші. 

Әлем жұлдызының сөзінше, туған бауыры ерекше болып өскен. Әскери қызметкер болу арманы болған, бірақ бала күнінде алған жарақаты мүмкіндік бермеген. 

“Мектеп бітірер кезде “Қар ханшайымы” қойылымын қояды. Сюжеті бойынша оған пышақ ұстаған бала жүгіреді. Пышақтың сырты картон еді, бірақ оны ешкім абайлау керегін ескертпеген. Сол жерде бармағын кесіп алады. Осы оқиға оның арманын күл-талқан етті. Ол шет тілдерін білетін және шет тілдері әскери институтына түсуді жоспарлаған еді. Денесін жарақаттап алғасын, әскери училищеге қабылданбады. Өте қатты қиналды. Анам өзін кінәлі сезінетін. Менен бір жасқа кіші болса да, ерекше болды. Өлең жазатын. Әртістік қабілеті де мықты еді. Бір үйдің екі баласы, бірақ тағдыры мен өмір жолы әртүрлі. Менің жолым болып, жұлдызым жанды. Інімнің тағдыры басқаша болды”, – деді әнші. 
 
Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.