Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды

Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды

Астанадағы студент әлеуметтік желіде жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық бейнеленген видеоны таратып, полиция оның жеке басын анықтады.

Видеодағы оқиға Қазақстаннан тыс жерде болғанымен, әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, үлкен талқылаулар туғызды. Видеоны 17 жастағы колледж студенті жариялағаны белгілі болды. Ол бейнемазмұнды бір пабликтерден көшіріп алып, өңдеп, өз парақшасында жариялаған. Осылайша ол желі қолданушыларының назарын аударуды мақсат еткен.

"Жағдайды анықтау үшін студент полиция бөліміне жеткізілді. Онымен бірге заңды өкілі де шақырылды. Оның әрекетіне қатысты жауапкершілік оған жүктеледі", – делінген ресми хабарламада.

Астана полиция департаменті зорлық-зомбылық көріністері бар контентті тарату құқықтық салдарға әкелетінін ескертті. Құқық қорғау органдары азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырады.

фото: smartnews.kz

Автор
Нұрсұлтан