+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған көкшетаулық 2 жылға сотталды

Алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған көкшетаулық 2 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған көкшетаулық тұрғын 2 жылға сотталды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Ол дене мүшесін 25 мың долларға саудалау үшін заңсыз мәміле жасауға әрекет жасаған. Бұл шамамен 12 миллион теңгеден асады. Оған Көкшетау тұрғыны тұтынушы ретінде хабарласқан. Алматылық ер адам ақпан айында медициналық тексеруден өтіп, клиентпен мәміле жасау үшін Көкшетауға барыпты. Бірақ жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алған кезде оны полиция қызметкерлері қолға түсірген.

"Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының жасаған ісіне шын жүректен өкінгенін, алименттік міндеттемелері барына байланысты ауыр материалдық қиындық көріп отырғанын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Сондай-ақ жасалған қылмыстан зиянды салдар болмағаны назарға алынды. Сот үкімімен айыпталушыға пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.