Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлия Назарбаеваға қарсы арыз Қаржы мониторингі агенттігіне жолданды

Әлия Назарбаеваға қарсы арыз Қаржы мониторингі агенттігіне жолданды

Бизнесмен жолдаған арыздың Бас прокуратураға түскені расталып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



Бас прокуратура Қаржы монитторингі агенттігіне Әлия Назарбаеваны және Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасының жұбайы Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогованың 170 миллион долларлық бизнесті рейдерлік басып алды деп айыптаған кәсіпкердің мәлімдемесі жөнінде түсініктеме берген.



– 2024 жылдың 4 наурызындағы арыз Бас прокуратураның ақпаратты есепке алу кітабында тіркелгенін және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА) жіберілгенін хабарлаймыз", - деп жауап берген Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына Бас прокуратура.

Арызды кім жолдады

Таяуда Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізген бизнесмен Нұрлан Бимурзин мен қоғамдық өкіл Жарқын Күрентаев мәлімдеме жасаған еді. Бизнесмен сол кезде 20 жыл бұрын активін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева тартып алғанын айтып, Бас прокуратураға арыз түсіргенін мәлімдеген болатын.

Бизнесмен өзінің сол кездегі активін 170 млн долларға бағалайды. Жеті мұнай базасы мен 96 жанар-жағармай құю бекеті болғанын айтады. Бимурзин 2024 жылдың 19 ақпанында Бас прокуратураға арыз түсірген.

Автор
Нұрсұлтан