Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Экс-премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.

Ол осы жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

2022 жылы қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін Премьер-министр болды.

Фото: primeminister.kz

Автор
Нұрсұлтан