«Айына миллион табасың»: Англияға жұмысқа жіберемін деген әйел 10 адамды алдап кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемнің үздік тревел-блогері атанған Дастан Мұхамедрақым Тоқаевпен кездесті (ВИДЕО)

Әлемнің үздік тревел-блогері атанған Дастан Мұхамедрақым Тоқаевпен кездесті (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/bydastan

Блогер Мемлекет басшысымен кездесу өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлемнің үздік тревел-блогері атанған қазақстандық Дастан Мұхамедрақым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Жағымды жайт туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Кездесу барысында ол Президентке шығармашылығы жайлы айтып берді.

Блогер Мемлекет басшысымен кездесу өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

“Мен негізі "Қазақ тілі және әдебиеті” пәнінің мұғалімімін, бірақ жан дүнием үнемі шығармашылыққа тартып тұрды. Сөйтіп, бірнеше жыл бұрын блогерлікті бастаған кезде, мұндай дәрежеге жетемін деп күтпедім”, – деді ол.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалай видеоларының арқасында қандай жетістікке жеткенін де айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.