«Өзіміздің» мұнай: мұнайдан түскен табыс кімнің қалтасына кетіп жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемге танымал актер Чак Норрис қайтыс болды

Әлемге танымал актер Чак Норрис қайтыс болды
ашық дереккөзден

Америкалық актер, жекпе-жек шебері әрі поп-мәдениеттің культ тұлғасына айналған Чак Норрис 86 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметтерге сәйкес, актер Гавай аралдарындағы Кауаи аралында көз жұмған. Ол бұған дейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Отбасының айтуынша, Норрис қайтыс болар алдында да жаттығуын жалғастырып, жақсы көңіл-күйде болған.

Чак Норрис 1940 жылы 10 наурызда АҚШ-тың Оклахома штатында дүниеге келген. Қарапайым отбасында өскен ол жас кезінен спортқа қызығып, кейін АҚШ Әуе күштерінде қызмет етіп жүріп жекпе-жек өнеріне ден қоя бастайды. Ол таэквондо, каратэ және джиу-джитсумен айналысқан.

Кейін Норрис кәсіби каратэ бойынша алты дүркін әлем чемпионы атанып, бірнеше жекпе-жек түрінен қара белбеу иегері болды. 1960-жылдары ол жарыстарға қатысып қана қоймай, шәкірт тәрбиелеп, жаттықтырушы ретінде де танылды. Осы кезеңде киноға түсуді бастап, жекпе-жек шеберлігін актерлік өнермен ұштастырды.

1990-жылдары Чак Норрис теледидар саласында да үлкен жетістікке жетіп, "Уокер, техас рейнджері" (1993-2001) сериалы арқылы кеңінен танылды.

Кинодан бөлек, ол каратэ мектептерінің желісін ашып, кітаптар мен оқу бағдарламаларын шығарды. Сонымен қатар жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы қор құрып, тәртіп пен жауапкершілік туралы дәрістер оқыды.

Чак Норристің харизмасы мен шығармашылығы 1980-2000 жылдары көптеген жастардың жекпе-жек өнеріне қызығушылығын оятты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер