Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан тұрмысқа шықты

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан тұрмысқа шықты
Фото: ашық дереккөз

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қуанышты жаңалықты Айшолпан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын жеткізді. Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, жылы тілектерін қарша жаудырды.

Естеріңізге салайық, Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан шыққан, әлемге қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін танытқан тұлға ретінде белгілі. Оның өмірі туралы түсірілген “The Eagle Huntress”деректі фильмі халықаралық танымалдыққа ие болып, Айшолпанның есімін әлемге танытқан еді.

Бүгінде ол өз жолын жалғастырып, жеке өміріндегі маңызды қуанышымен көпшілікпен бөлісті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.