KZNews.kz
Спорт

"Әлемді шулатады". Қанат Ислам Қазақстан атын шығаратын боксшыларды атады

KZNEWS

"QAZAQ" олардың Олимпиадада жеңіске жет аларына сенімді.



Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz тілшісіне кәсіпқой рингтегі ізбасарларын атады.


WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері кәсіпқой бокстағы қазақстандық бірнеше спортшыны ерекше атап өтті.

"Жақсы боксшылар көп, жақында Садриддиннің жеңісіне куә болдық. Бастапқыда-ақ Олимпиадаға қатысатын болса, Қазақстан қоржынына жүлде салатын осы екі жігіт - Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы деп ойлаймын. Бұрын да солай ойлайтынмын, өйткені спаррингке тұрып көргенмін. Әлеуетін жақсы білемін. Бұйырса олар әлі үлкен биіктерге жетіп, әлемді шулатады деген ойдамын", - дейді белгілі боксшы.

Сонымен қатар, Қанат Ислам Top Rank Promotions компаниясымен келісімшарт жасасқан тағы екі боксшыны атады.

"Сосын тағы екі жігітіміз бар - Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов. Мықты болмаса, кем емес", - деп атап өтті қазақстандық кәсіпқой.

Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды.


KZNEWS
Автордың басқа материалдары