Қазақстандық "Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбеков арманын орындап, әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі Лионель Мессимен кездесті, деп жазады Stan.kz
"Әлидің эмоциясы мен сезімін сөзбен айтып жеткізі мүмкін емес! Месси Әлимен жеке кездесуге келді. Біз қатты толқысақ та, Ұлы Аллаға сендік! Месси өте қарапайым, тіпті оның көздерінен-ақ қалай толқып кеткені байқалды. Футболшының екі езуіне күлкі үйірілді. Соңында көздері қызарып, жанарына жас толғандай болды. Менің қолымды қатты қысты, сосын Әлиді құшақтай бастады. Әлидің арманы орындалғаны үшін Жаратқанға алғыс айтамыз! Барлығы күшті өтті. Әли әлі Мессимен кездескеніне сене алмай жүр. Анашым, бұл түс емес пе? деп қайта-қайта сұрайды", — дейді анасы Ақмарал Әміреева.
Әли Тұрғанбеков және оның жанұсы арманның орындалуына көмектескені үшін Қазақстанның Барселонадағы елшісі Ринат Дүйсенбаевқа және "Қайрат ФК-нің президенті Қайрат Советұлына алғыс айтады.
"Ағылшынға қарағанда испан тілі қолданыста болған соң, айтқымыз келген дүниенің барлығын Ринат арқылы жеткізіп отырдық. Ол бізге қатты көмектесті, әрдайым жанымызда жүрді. "Қайрат ФК-нің президенті Испанияға сапарымызды толығымен қаржыландырды. Алғысымыз шексіз", — дейді Әміреева.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған Диего Марадонамен кездесіп, үстіне шапан жапқан.
stan.kz