ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Әлем лақтырған телефон”: Айнұр Тұрсынбаева немересі қалай оны әлемге танытқанын айтып берді

“Әлем лақтырған телефон”: Айнұр Тұрсынбаева немересі қалай оны әлемге танытқанын айтып берді
Фото: әлеуметтік желіден

Коуч, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересіне қатысты ерекше оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол адамның есімі өміріне ықпал етеді дегенге сенеді. Осы сеніммен немересіне Әлемдеген ат қойған. Айтуынша, балаға артқан ниет бір сәтте шындыққа айналғандай әсер қалдырған.

Айнұр Тұрсынбаеваның сөзінше, немересі ешқандай сценарийсіз әрі дайындықсыз iPhone-ды бассейнге лақтырып жіберген сәт видеоға түсіп, 50 миллион қаралым жинаған. Қарапайым көрінетін әрекет әлемнің назарын аударып, шетелдік көрермендерден мыңдаған пікір келген.

Өнер иесі бұл оқиғаның тіпті Абу-Дабидегі «Лувр» музейінің тарихында қалғанын да атап өтті. Айтуынша, Әлем лақтырған телефон музей қабырғасына ілініп, ерекше экспонатқа айналған.

Сонымен қатар, коуч бұл видеодан кейін Әлемнің ата-анасына әлемдік компаниялардан ұсыныстар түсе бастағанын, ал «Лувр» музейі отбасына тегін абонемент бергенін айтты.

Айнұр Тұрсынбаева мұның бәрін немересінің есімімен байланыстырып, «Әлем өз атына сай әлемнің есігін ашып келеді» деп түйіндеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.