Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлем футболы аңыздарының бірі өмірден озды

Әлем футболы аңыздарының бірі өмірден озды

Футболдан Германия құрамасының экс-шабуылшысы, әлем чемпионы Герд Мюллер дүниеден өтті, деп хабарлайды ЭК.

"Бавария" клубының баспасөз қызметі ардагер футболшы 15 тамызда қайтыс болғанын мәлім етті. Әзірге себебі айтылған жоқ. Бірақ Мюллер соңғы жылдары альцгеймер дертінен қиналып жүргенін сұхбаттарында айтқан болатын.
Герд Мюллер футболдан әлем және Еуропа чемпионы. Еуропа Чемпиондар кубогының (қазіргі Чемпиондар лигасы) үш дүркін жеңімпазы. Екі рет "Алтын бутсы", бір рет "Алтын допқа" ие болған.
©Официальный сайт ФК "Бавария"
Бавария клубы сапында 607 матчта 566 гол соққан. Ал ұлттық құрамада 62 ойын өткізіп, 68 рет мергендік танытқан. Мюллер "Бавария" клубының Бундеслигадағы үздік шабуылшысы. Оның рекордын әзірге ешкім жаңартқан жоқ.
Автор
Айбар