KZNEWS.KZ
Қоғам

Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов тұрмыстық зорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

• Айжан Сыланова
Фото: stan.kz

Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы әйелдің сіңлісі әлеуметтік желіде мәлімдеп, спортшыны әпкесіне ұзақ уақыт бойы күш көрсетіп келді деп айыптады, деп хабарлайды kznews.kz.

Туысының айтуынша, соңғы жанжалдан кейін әйел ес-түссіз күйде ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған ми ісінуі және денесінің түрлі жерінен ауыр жарақаттар диагнозын қойған.

Аталған жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Әзірге Теміртас Жүсіповтің өзі немесе оның өкілдері айтылған айыптауларға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →