Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды. Осылайша ол құрлықтық додадағы алтын жүлделерінің санын алтыға жеткізді.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы 160,5 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші келді. Луценко қашықтықты 4 сағат 13 минут 11 секундта бағындырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бірден екі жүлдеге ие болды. Евгений Федоров жеңімпаздан 1 минут 58 секундқа қалып, күміс медаль иеленді. Қола жүлде Жапония өкілі Юхэй Тодомеге бұйырды. Қазақстандық Николя Винокуров жетінші орыннан көрінді.

Луценко үшін бұл Айти–Нагоядағы Азия ойындарындағы екінші жеңіс. 20 қыркүйекте ол ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыста 41 минут 24,05 секунд нәтиже көрсетіп, чемпион атанған еді. Бұл оның Азия ойындарындағы бесінші алтыны болған.

Осылайша, қазақстандық велошабандоз Азия ойындары-2026 додасында «алтын дубль» жасап, мансабындағы Азия ойындарының алтын медальдарының санын алтыға жеткізді.

34 жастағы Алексей Луценко Азия ойындарына төртінші рет қатысып отыр. Ол алғашқы алтынын 2014 жылы Инчхонда жекелей жарыста жеңіп алды. 2018 жылы Джакартада жекелей және топтық жарыста екі мәрте чемпион атанды. Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей жарыста тағы да топ жарып, топтық бәсекеде күміс медаль иеленді. Биыл Жапонияда тағы екі алтынды қоржынына салды.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.