"Қазгидромет" РМК 1-3 тамызға ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және орталық өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
Ең жоғары ауа температурасы елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысы және орталық аймақтарында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріледі.
Ал батыс өңірлерде 1 тамыздан бастап ауа райы біртіндеп өзгере бастайды. Температура аздап төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады.