"Олардікі сандырақ..." Путин Ресейдегі жаңа мобилизация туралы ақпаратты жоққа шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алдағы үш күнде Қазақстанда қайта күн ысиды

Алдағы үш күнде Қазақстанда қайта күн ысиды
ашық дереккөз

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылау аймағы қалыптасып, ауа райы негізінен құрғақ әрі аз бұлтты болады. Суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақыттағы ауа райы салқын болады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте +28…+33°С;

солтүстікте, шығыста және Қазақстанның орталығында +23…+30°С;

оңтүстік-шығыста +20…+27°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+15°С.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі