Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі
Фото Pexels

"Қазгидромет" РМК 26-28 наурызға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. 28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады.

Күндіз ауа температурасы батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +15…+25°С-қа дейін, солтүстік пен шығыста +10…+17°С-қа дейін, орталықта +13…+24°С-қа дейін, оңтүстікте +21…+30°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +18…+27°С-қа дейін, ал таулы аймақтарда +10…+15°С-қа дейін көтеріледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі