Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Актриса Айнұр Ильясова клиника дәрігері пара талап еткенін айтты

Актриса Айнұр Ильясова клиника дәрігері пара талап еткенін айтты

Белгілі тележүргізуші әрі актриса Айнұр Ильясова анасына жасалған отадан кейін орын алған оқиғаға байланысты Алматыдағы Сызғанов атындағы клиника басшылығына ашық үндеу жасады, деп хабарлайды Kznews.kz

«Анестезиолог нөмірімді теріс пайдаланды»

Айнұр Ильясованың айтуынша, анасы отаға дейін шұғыл байланыс үшін өзінің телефон нөмірін қалдырған. Бірақ анестезиолог бұл нөмірді өзге мақсатта қолданған.

- Ол маған тікелей жазып, ақша талап ете бастады, – дейді тележүргізуші.

Ресми хаттан кейінгі жағдай

Ильясова клиника директорына ресми хат жолдап, мәселені қарауды сұраған. Алайда нәтиже ол күткендей болмаған.

- Мен ресми түрде директорға хат жазып, осы әрекетті тоқтатуды өтіндім. Бірақ анестезиолог соған қарамастан анамның қасына қайта келіп, “қызыңызды тыныштандырыңыз” деп қысым көрсеткен. Ал анам болса операциядан кейінгі ауыр жағдайда жатқан еді, – дейді Ильясова.

«Кәсіби этиканы өрескел бұзу»

Актриса мұндай әрекеттерді кәсіби этиканы бұзу ғана емес, науқастың психологиялық жағдайына ауыр соққы деп бағалады.

- Мен дәрігерлердің еңбегін құрметтеймін, олардың жұмысының қаншалықты қиын екенін білемін. Бірақ дәл осындай жағдайлар клиникаға деген сенімді әлсіретіп, пациенттердің қауіпсіздігіне күмән келтіреді, – деп жазды ол.

Басшылыққа үндеу

Айнұр Ильясова Сызғанов атындағы клиника басшылығына тікелей жүгініп, шара қолдануды сұрады.

- Осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеңіздер, – деді тележүргізуші.

Басқармаға сұрақ

Біз бұл мәселенің мән-жайын анықтау үшін Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдадық. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.